Үкіметте өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалауды енгізу және жеке күзет компанияларының террористік қауіп туындаған кезде объектілерді қорғауға дайындығы туралы мәселелер талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, онда өрт қауіпсіздігі саласында жедел әрекет ету шараларын қолдана отырып, мемлекеттік қадағалауды енгізу мәселелері талқыланды.
Ұсынылып отырған ереженің мақсаты – адам өмірі мен денсаулығына айқын қауіп төнген кезде объектіде учаскенің жұмысын тоқтата тұру бойынша жедел әрекетке көшу. Өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік қадағалауды енгізу жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар ол өрттің алдын-алудың және адамдардың өмірін қорғаудың тиімді құралы болмақ. Кездесуде сонымен қатар жеке күзет ұйымдарының қауіпсіздік қызметтерін ұсыну кезінде терроризмге осал нысандардағы (ТОН) қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
Ұсынылған шешімдер күзет қызметтерін ұсынуда кем дегенде бір жылдық тәжірибені талап етеді. Сондай-ақ, ұйымдар тарапынан тиісті деңгей мен қылмыстардың уақтылы жолын кесу үшін кеңсе ғимаратында орналасқан орталықтандырылған күзет пунктінің болуы және орталықтандырылған бақылау пультімен қамтамасыз етілуі керек.
Премьер-Министрдің орынбасары ведомствоаралық комиссияда талқыланған басқа мәселелер бойынша бірқатар тапсырма берді.