Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңадан үш облысты құру үшін қандай құжаттар әзірленетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының Жарлығын дайындау жөніндегі жол картасы және оны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру шараларының жоспары әзірленетін болады.
Бұл құжаттарда әкімшілік-аумақтық қайта құруларға байланысты мынадай барлық қажетті іс-шаралар:
Облыстар мен елді мекендерді атау мәселелерін қоса алғанда, облыстарды және олардың шекараларын бөлу туралы қажетті Жарлықтарын және Үкімет қаулыларын әзірлеу және қабылдау;
жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің штат санындағы өзгерістер;
коммуналдық меншікті беру және қабылдау;
заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу;
жаңадан құрылған облыстарда мемлекеттік органдар құру жинақталатын болады», - деді ведомство басшысы.
Айтуынша, бұл облыстардың құрылуы тек осы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана емес, бүкіл экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді.
«Мемлекеттік басшысының Министрлік өткен жылы Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңның және оған ілеспе заңның жобаларын әзірлеуді бастады.
Заң жобаларында жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін ажырату жөніндегі нормалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүліктік құқықтарын кеңейту; жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін оңайлату көзделеді», - деді министр.