Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған тонаушылар ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінде Алматы соттарына 46 іс түскен, оның 28-і қаралып жатыр, 18-не үкім шықты.
«Бүгін сот шешімімен екі адам қару-жарақ дүкенін тонады деп танылып, бес жылға (әрқайсысы) бас бостандығынан айырылды», - хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаған кінәлілер түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, олардан материалдық шығын өндіріліп жатыр.