Фото ©РИА Новости
Альфа-Банк Қазақстан қаржы институтына әсер еткен санкцияларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Өкінішке қарай, АҚШ-тың санкциялары Альфа-Банк Қазақстанға да әсер етті. Біз әлемде болып жатқан оқиғаларды және олардың банк қызметіне тигізетін әсерін жіті бақылап отырамыз. Қазір Альфа Ұлттық банкпен бірлесіп, мәселелерді шешіп жатыр. Жақын арада нақтырақ жауап береміз.
Қабылданған шектеулер клиент қаражатының сақталуына және қолжетімдігіне әсер етпейтінін атап өткіміз келеді. Банкте клиенттер алдындағы барлық міндеттемесін орындау үшін жеткілікті өтімділік пен меншікті капитал бар", - деді банк өкілдері.
Бұған дейін Альфа-Банк Қазақстан өз сайтында доллармен және евромен аударымдарды тоқтата тұру, өз желісінен тыс Visa және MasterCard карталарының жұмысын тоқтата тұру, тәулігіне екі миллион теңге мөлшерінде қолма-қол ақша алуға және аударымдарға лимит енгізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға кредит беруді тоқтата тұру туралы хабарлама жариялаған болатын.