17 қар, 2022 сағат 18:52

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағы қымбаттады


Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тағы қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 процентке өсті. Ай басталғалы 0,4 процентке, ал жыл басынан бері 21 процентке қымбаттаған.

"Жылдық мәнде олар 20,5%-ке қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайыздық тармаққа жоғары", - делінген ресми хабарламада.

Өткен апатада қымбаттаған тауарлар:

жұмыртқа, І санат + 1,4%

пияз + 1,2%

Өткен апта арзандаған тауарлар:

қарақұмық – 0,2%

сәбіз – 0,8%

қант – 0,5%

Республика бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

күріш келісіне – 332 теңге;

қанттің бір келісі – 502 теңге;

сүзбе келісі – 1844 теңге.

Айта кетері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Соның ішінде түтік кеспе, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ, қант, күнбағыс майы, сиыр мен тауық еті, сүт, айран, жұмыртқа бар.