Біздің жеке инвестициялар мен жеке меншіктік нарық жүйесі экономикалық өсуге ұмтылыста өз құндылығын дәлелдей алды. Бұл ұлттарды ұлы етіп, компанияларды трансұлттық корпорацияларға айналдырды және барлық әлемдегі миллиондаған адамдар үшін теңдессіз өмір деңгейі мен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, әлемдегі орта кластың өсуіне қарамастан, капитализм өте байлар мен өте кедейлер арасындағы айырмашылықты елеулі түрде ұлғайтты. Бұл тек ұлғая беретін феномен. Және де біз климаттық ірі өзгерістер қарсаңында тұрмыз, дүниежүзі халқы табиғи ресурстарды көптеп тұтынады, ал урбанизация бұрынғыдан тезірек өсуде.
Біздің капиталистік моделіміз тұрақты және әділ экономикалық модельге түрлендірілуі тиіс. Қазіргі кезде барлық индустрия мен елдің экономикасы технологиялық өзгерістерге бейім. Осы өзгерістер капитализмды аса инклюзивті және тұрақты нышанға түрлендіріп, дамыған және дамып келе жатқан экономикалар үшін басымдылықты қамтамасыз етіп, жылдамдатылған инклюзивтік өсуіне ықпал ете алады ма?
Тарих көрсеткендей, жаһандануды құрайтын үш бөлшектің (сауда, капитал және адамдар) өзара қарым-қатынасы өсу мен әл-ауқаттылыққа әсер ете отырып, оң және теріс салдарын тудыра алады. Атап көрсетілген келеңсіз жағдайлардан бүгінгі таңда қалай қашып құтылуға болады? Осы отырыста кпитализмді аса инклюзивті және тұрақты формаға түрлендіру үшін технологиялық өзгерістер әлем мен жаһанды экономикаға, еңбек нарығына, энергетикалық секторға, бизнес-стратегияға, сауда мен климатқа қалай әсер ететіні туралы іргелі мәселелер қаралатын болады.
Қазақстан мен Орта Азия елдері өздерінің тұрақты ұзақ мерзімді өсу мақсатын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандырып, оның әлемдік бағалардың құбылмалылық әсеріне бейім табиғи ресурстардан оның тәуелділігін төмендетуі тиіс. Өңірлік экономикалар аса жоғары өнімділік пен өз экономикасының әртүрлілігін және үнемі ауысып тұратын сыртқы ортадағы жеткілікті бейімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін көптеген шақыруларды шешуі тиіс. Осы экономикалық түрлендірудің келесі кезеңі реформаны жалғастыруды және мына басты мәселелерге ерекше назар аударуды талап етеді:
• Орталық Азия және Қазақстан перспективалары: экономикалық, қаржылық және саяси өзгерістер
• Инновациялық экожүйе, әртараптандыру, жекешелендіру, сауда, бизнес және инфрақұрылым өсімі
• Орталық Азия және Қазақстан үшін өсудің жаңа драйверлері
• Жаһанды және өңірлік нарықтар үшін өңірлік ынтымақтастық және ашықтылықты арттыру: Жібек жолы, БСҰ, Еуразиялық экономикалық комиссия
• Экономикалық өсу үшін құрылымды реформалар: орта табыс тұзағын жеңу және жоғарылау табысы бар елдерге ауысу
• Қазақстанда бизнесті жүргізу: іскерлік, қаржылық және инвестициялық шолу
Біз сыртқы факторлар мен оның салдарын жұмсарту үшін экономикалық шешімдерге және саяси әрекеттерге, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерге мен ағымды трендтерге ерекше көңіл бөлеміз.
Интернет пен коммуникация инфрақұрылымы дамыған, патенттік белсенділіктің жоғары деңгейі, білім деңгейінің салыстырмалы түрде жоғарылығымен Қазақстан техникалық жаңашылдықтарға қолайлы жағдай жасауда. Жергілікті өнеркәсіптердің жетекшілері жаңаша ойлау олардың корпорациясы үшін қандай құндылықтар тудырып, тәжірибелік нәтижеге қалай әсер ететіні туралы өздерінің көзқарастарын ұсынады. Инновациялықты дамыту және инвестицияларды тарту мемлекеттік бағдарламасы қай салаларда жұмыс істейді? Өзіміз үшін қандай сабақ аламыз?
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің 30 жетекші экономикаларының бірі болуға ұмтылысын іске асыру үшін өрлеу реформаларын іске асыруға кірісті. Ел экономикасы мен қоғам тәуелсіздік алған уақыттан бері терең өзгерістерге ұшырады.
Қазақстан өзінің ЭЫДҰ ынтымақтастығы шеңберінде елге Кешенді шолу өткізуге кірісті. Қазақстанның кешенді шолуы елдегі даму үшін негізгі байланыстыратын шектеулерді анықтайды және оларды шешу үшін ұсыныстар жасайды.