Еліміздің талантты боксшысы, бокстан Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов отау құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркістандық талантты боксшының таңдауы Назира есімді сұлуға түсіпті. Ол - Ордабасы ауданына қарасты Амакелді ауылының тумасы.
«Қалыңдығымды кеше ұзатып алып келдім. Алда той болады, соған дайындалып жатырмыз. Жұбайым спортшының жағдайын түсінетін жар болатындығына сенімдімін. Тілеулес ағаларымызға, ағайындарға рахмет айтамын», - дейді Сәкен Бибосынов.