Алматы қаласында 1-2 желтоқсан күндері Тұңғыш Президент күніне орай қазақ күресінен өтетін «Әлем барысында» ел намысын қорғайтын балуандардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Әлем барысы» турнирінде ел намысын 5 балуан қорғайды.
Олар:
Айбек Нұғмаров
Бойы: 190 см
Салмағы: 145 кг
1987 ж.т.
Спорттағы жетістіктері: «Қазақстан Барысы» (2013), «Әлем Барысы» (2017), қазақ күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы (2010,2013,2014,2016), қазақ күресінен 4 дүркін Азия чемпионы (2008, 2009,2014,2018), «Құрмет» орденінің иегері, Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Руслан Әбдіразақов
Бойы: 195 см
Салмағы: 125 кг
1988 ж.т.
Спорттағы жетістіктері: «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің күміс жүлдегері (2015), қазақ күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017), қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2018).
Айбат Сейтен
Бойы: 175 см
Салмағы: 115 кг
1992 ж.т.
Спорттағы жетістіктері: қазақ күресінен Азия чемпионы (2014), қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің чемпионы (2016), қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2017), қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2018).
Ерсұлтан Мұзаппаров
Бойы: 178 см
Салмағы: 92 кг
1994 ж.т.
Спорттағы жетістіктері: қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің чемпионы (2018), қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы халықаралық турнирінің жеңімпазы (2018), Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қазақ күресінен жеңімпазы (2018) Нұрдәулет Жарылғапов Бойы/Рост: 190 см Салмағы/Вес: 140 кг 1996 ж.т. Спорттағы жетістіктері: «Жас Барыс» (2015), қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің қола жүлдегері (2018), Халық ойындарының қазақ күресінен жеңімпазы (2018)