19 қар, 2020 сағат 08:32

Алдағы жылдары ЖІӨ-нің орташа өсуі 4 пайызды құрайды - Дәленов

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елдің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына қатысты көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Консервативті тәсілді ескере отырып, бюджеттік жоспарлау үшін негіз ретінде базалық сценарий пайдаланылды. 2021-2025 жылдары мұнай бағасы бір барреліне 35 доллар деңгейінде алынды. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2021 жылы 2,8 пайыз деңгейінде болжанып отыр. 2025 жылы ол 4,6 пайызға жетеді. Жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 4 пайызды құрайды», - деді министр. 

Оның айтуынша, номиналды жалпы ішкі өнім 2021 жылы 76,7 трлн теңгені, ал 2025 жылы 104,8 трлн теңгені құрайды.