2021 жылы 86 млн тонна мұнай өндірілетін болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын баяндау кезінде айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2021 жылы мұнай өндіру 86 млн тоннадан 2025 жылы 100,7 млн тоннаға дейін өседі. Барлық базалық салаларда оң өсу күтілуде. Өңдеу өнеркәсібі жылына орта есеппен 6,7 пайызға көтеріліп, кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда 2,9 пайыз озық қарқынмен өсетін болады. Орташа жылдық өсу қарқыны ауыл шаруашылығында - 6,2%, саудада - 5,5% құрайды», - деді Р. Дәленов.
Оның сөзіне қарағанда, тауарлар экспорты 2021 жылы 41,4 млрд долларды құрап, 2025 жылы 51,5 млрд долларға дейін ұлғаюы күтілуде. Импорт 2021 жылғы 36,3 млрд доллардан 2025 жылы 37,8 млрд долларға дейін өседі.