Ұлттық банкте доллардың 26-28 наурыздағы теңгеге шаққандағы ресми бағамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Демалыс күндері және дүйсенбіде доллардың ресми бағамы 494,16 теңге болады. Айта кетейік, жұмада доллардың ресми бағамы 495,43 теңге болды. Рубльдің ресми бағамы 5,04 теңгеге тең.
KASE биржасындағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы - 494,26 теңге.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 493,11 теңге, сатылым - 497,56 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 489,16 теңгеден сатып алады, 493,71 теңгеден сатады.