"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжам бойынша, республика арқылы өтетін циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Республиканың біраз өңірінде тұман, батыста шаңды дауыл болады. Тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Елдің солтүстігінде күндіз ауа температурасы 13-18 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады, орталықта 17-22 градус жылы, оңтүстікте 20-25 градус жылы болады деп күтіліп отыр. Шығыста - 12-20 градус жылы болады", - делінген хабарламада.
1243 рет оқылды