Алаяқтық жасаған күдікті Латвиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлерімен алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Латвия Республикасынан экстрадицияланды" - делінген ведомство хабарламасында.
Күдікті 2016 жылы адамдар тобымен бірлесіп, жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп, сатып алушыға 12 млн. теңге көлемінде залал келтірген.
Аталған азамата қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
"Кейіннен ол Латвия аумағында ұсталды.
Қазіргі таңда күдікті Астананың тергеу изоляторына қамалды" - делінген хабарламада.
Айта кетейік, аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.