Фото: Polisia.kz
Батыс Қазақстан облысында үш адамнан тұратын қылмыстық топ WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратып, 17 адамды алдап, шамамен 10 миллион теңге зиян келтірген, деп хабарлайды Ult.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Күдіктілердің бірі мұғалімдерге арналған ортақ чатқа кіріп, чаттағы адамдарға жеке шығып, өзін жәбірленушілердің баласы ретінде таныстырған және телефонның сөніп қалғанын айтып, ақша аударуды өтінген. Қулықтарына сенген жәбірленушілер банк карталарының деректері мен CVV-кодтарын берген", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полиция алаяқтықтың 17 жағдайын тергеп жатыр, алданғандар арасында басқа өңір тұрғындары да бар. Полиция жалпы чаттарда хат алмасқанда және бөгде адамдармен сөйлескенде аса сақ болуға шақырады.