Сурет ашық дереккөзден алынды
Алаяқ әйел қазақстандықтарды 30 млн теңгеге сан соқтырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атыраулық полицейлердің анықтауынша, ол 2022 жылдың мамыры мен 2023 жылдың қаңтары аралығында кәсіпкерлікті дамыту үшін тегін грант қаражатын алып беремін деп 25 адамды алдаған. Осылайша 30 млн теңге иемденіп алған.
Тексеру барысында күдікті 31 жастағы Алматы облысының тумасы екені белгілі болды. Ол бұрын да дәл осындай алаяқтық қылмысын жасап, сотты болған.
Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр. Аталған дерек негізінде ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.