15 шіл, 2019 сағат 18:06

Алакөлге бара жатып аударылған автобуста 17 адам зардап шеккен – әкімдік

Алматыдан Алакөлге барар жолда аударылған автобустан 17 адам зардап шеккен. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жол-көлік оқиғасында автобустағы 17 адам зардап шеккен. Оның бесеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Екі науқас Қабанбай ауылындағы, ал тағы үш адам Сарқан қаласындағы ауруханаға жатқызылды», - деді Ғ. Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында Алакөлге бара жатқан автобустың аударылғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Жолаушыларды тасымалдаған көлікте 47 адам болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.