06 шіл, 2022 сағат 12:31

Алакөлдегі өртке қатысты соталды тергеу басталды


Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағалауындағы өртке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 шілде күні 23:20-да Үржар ауданында Алакөл жағасындағы «Керуен» демалыс базасынан өрт шыққан. Аталған базадағы екі ғимарат, бір кір жуатын орын мен жеті саяжай отқа оранды. 

«Сондай-ақ, тілсіз жау «Әйгерім» демалыс базасында – 4 үйді, «Жібек жолы» базасының аумағында – үй мен моншаны, «Әлихан» базасында – 8 ғимарат пен асхананы шарпыды. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Мамандар өрттің себебін анықтау үшін тиісті жұмыстарға кірісті», - делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта Алакөлдегі алапат өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алакөл жағалауындағы 3 мың шаршы метрге жайылған өрттен 7 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.