09 қыр, 2021 сағат 15:50

Ақылы жолмен жүру тарифі өзгермейді - министрлік


Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақылы жолмен жүру тарифі 2013 жылы бекітілген. Содан бері өзгерген жоқ және өзгермейді де», - деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. 

Оның дерегінше, елімізде жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырымына 1 теңгені, ауыр жүк көліктері үшін 1 шақырымына жүк сыйымдылығына байланысты 5 теңгеден 25 теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Ал көршілес Ресейде жеңіл автокөліктер 1 шақырым үшін 7 теңге және жүк көліктері 7-ден 55 теңгеге дейін төлейді. Еуропа елдеріндегі тарифтер жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары.