23 қар, 2021 сағат 15:10

Ақылы жол учаскелеріндегі төлем құнын қалай білуге болады?


Елімізде бірқатар жол учаскелері ақылы болды. Осы орайда «ҚазАвтоЖол» компаниясының Теlegram-дағы желісі арқылы жолдардағы төлем құны мен өзге де сұрақтар бойынша жауап алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ыңғайлы болу үшін Теlegram-да kazautozholbot (чат-бот) бар. Осы боттың көмегімен сіз «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға өтініш жолдауға, көлік құралының балансын тексеруге, сондай-ақ Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жүріп өту үшін төлем бағалары туралы ақпарат алуға болады», - делінген компания мәліметінде. 

Сонымен қатар, аталған жүйеде жабық тұрған немесе көлік қозғалысына шектеу енгізілген жол учаскелерін білуге болады. 

Еске сала кетейік, 4 жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде ақы алу жүйесіне қорытынды тестілеу жүргізілді («Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Қапшағай – Талдықорған», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», «Щучинск-Көкшетау»).