Өткен сенбі күні Ақтөбе қаласының ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябағында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дене шынықтыру мен спортпен айналысу бойынша Қазақстан халқына жолдаған «Сенің жаңа қырың» челленджіне қолдау білдіру мақсатында ауқымды спорттық-бұқаралық іс-шара өтті.
Спорттық іс-шараға Ақтөбе облысының спорт ардагерлері, спорт қызметкерлері, беделді спортшылары және қала тұрғындары қатысты.
Челлендж барлық өңірлердің тұрғындарының қатысуымен «Спорттық Телекөпір» түрінде ұйымдастырылды. Телекөпір мәні облыстармен бірігіп сауықтыру гимнастикасын жасауға шақыру аясында болды. Осылайша, Астана қаласында бастау алған шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, онлайн трансляция арқылы барша қауымды Елбасының бастамасын қолдап, челленджге қатысуға шақырды.
Облыстардың қатысушылары Астанадан берілген старттан соң, арнайы музыканың сүйемелдеуімен кешенді жаттығулар жасады.
Ақтөбе тұрғындары аталған шараны онлайн-режимде тамашалап, барлық өңірлердің қатысушыларымен бір мезетте жаттығу жұмыстарын қайталады. Әріқарай, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Ақтөбе облысының танымал фитнес-орталықтарынан арнайы шақырылған спорт нұсқаушыларының көрсеткен жаттығуларын жүргізуді жалғастырды.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенің жаңа қырың» атты ауқымды акцияны бастады. Онда президент қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырып, әрқайсысына мысал көрсеткен болатын.
Жобаның мақсаты — Қазақстан халқының арасында салауатты өмiр салтын қалыптастырып, спортқа деген сүйiспеншiлiгiн ояту.
Жобаның ережелерi қарапайым: қатысуға ниет бiлдiрген Қазақстандықтар Challenge «Сенiң жаңа қырың!» жобасының әлеуметтiк желiлердегi (Instagram, Facebook, VKontakte) ресми парақшаларына жазылып, жобаның басталу күнiн күтедi. Маусымның 4-i мен 25-i аралығында қатысушылар 21 күн бойы 30 минуттық түрлi жаттығулар кешенiн орындайды және әлеуметтiк желiлердегi өз парақшаларына #сенiңжаңақырың #другойты хэштегiмен фото/бейне есеп жүктеп, арнайы геолокациямен белгiлеуi керек.
Жоба соңында Қазақстан бойынша 16 жеңiмпаз анықталып, олар 6 шiлдеге жоспарланған Open Air Event қорытынды шарасына құрметтi қонақ ретiнде қатысу мүмкiндiгiне ие болады. Аталмыш шара республика бойынша бiр мезгiлде iске қосылатын ауқымды флешмоб болады деп жоспарланып отыр.
Жеңiмпаздарды жоба соңында белгiленген форматта ұсынылған фото/бейне есептердiң негiзiнде арнайы байқау комиссиясы анықтайды.
Қазақстанның барлық аймақтық орталықтарында көпшiлiкпен жаттығулар жасалып, оның барлығы әр өңiрден тiкелей эфир арқылы ұлттық телеарнада көрсетiлетiн болады. Тiкелей эфирде эстафетаны өз өңiрiне жолдау құрметi Challenge «Сенiң жаңа қырың!» жобасының жеңiмпаздарына ұсынылады.
Бүкiл ел бойынша бiр мезгiлде iске қосылып, салауатты өмiр салтын қолдауға бағытталған бұл жоба «Спорт тарихындағы ең ауқымды жаттығулар» аталымына лайық болмақ.