06 қаз, 2018 сағат 13:55

Ақтөбеліктер Президент Жолдауын қолдайды


Ақтөбе облысында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылауда.

Облыстық мәслихат депутаты  Светлана Айтбаева: «Мен Президенттің жолдауын мұқият тыңдадым. Бұл дер кезіндегі, өзекті құжат, оның әрбір тармағы уақыттың қазіргі жағдайымен айтылған. Елбасы барлық қазақстандықтарды толғандыратын бірқатар проблемаларды атап өтті. Мұғалімдер күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевтың мұғалімдер мәртебесін көтеру мәселесін көтергені қуантады. Оның тапсырмасымен «Педагогтардың мәртебесін көтеру туралы» заң әзірленіп, онда жүктемені қысқарту, мұғалімдер мен балабақша қызметкерлерін ынталандыру сұрақтары қаралады деп жоспарланып отыр. Бұл дұрыс, өйткені кез келген мемлекеттің болашағы ең алдымен, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне байланысты емес пе. Мұны Қазақстанның келешегі үшін істеу керек», - деп өзінің пікірімен бөлісті.

«Сонымен қатар, мен шығармашылық адамы ретінде мәдениет саласындағы өзгерістер туралы жаңалықтарды күткен едім. Өз сұрақтарымның барлығына да жауабымды алдым. Еліміз үшін өзекті мәселе - туризмді дамыту болып қала береді. Аталмыш саланы шетелдік тәжірибені ескере отыра күш салып дамытуымыз қажет және ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар», - деп қосты ол.

№6 қалалық емхананың бас дәрігері Жексенбі Көптілеуовтың айтуынша Президент өзінің жыл сайынғы жолдауында дәстүр бойынша шешімі қарапайым азаматтардың тұрмыс сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін міндеттерді қояды.

Бас дәрігер: «Президенттің жыл сайынғы жолдауын үлкен қызығушылықпен қабылдадым. Денсаулық сақтау саласының өкілі ретінде бес жылдың ішінде білім, ғылым мен денсаулық сақтау саласына кететін шығын жалпы ішкі өнімнен жалпы алғанда 10% дейін жеткізілетіні қуантады. Бұл біздің сала тұрақты дамиды деген сөз. Бүгінде мемлекет денсаулық сақтау саласын дамыту үшін барлық жағдайды жасап жатыр: медицина мекемелері соңғы техникалармен жарақтанған, бізде қандай да бір дәрілік заттардан проблема жоқ. Бізге тек емдеудің жаңа технологиялары мен әдістерін енгізуге көңіл аудару ғана қалып тұр. Сондай жағдайда біз Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемге, әсіресе ауылдық жерлерде қол жеткізуді арттыру бойынша тапсырмасын тиімді орындай аламыз», - деп есептейді.

Бұған қоса ақтөбеліктер, елдің түпкір-түпкірінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және Елбасының барлық тапсырмаларын әрбір азаматтқа жеткізу қажет деп санайды.