Фото: Polisia.kz
Ақтөбелік полицейлер сәбиін шайханада қалдырып кеткен әйелді іздеп тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қыркүйекте жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар маңындағы шайханадан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Ювеналды полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне орналастырды.
Сондай-ақ полицейлер 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын келіншекті іздеп тауып, бөлімшеге жеткізді. Әйелдің айтуынша, таныстарын кездестіріп, артынша олармен алкогольді ішімдік ішкен.
Азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық есепке қойылды" - делінген хабарламада.