Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің балконы жанып, сол күні демалыста болған өрт сөндіруші Мұңалбек Құлымбай оны кездейсоқ көріп қалған. Ол алғаш боп көмек көрсетіп, қарияны арқалап далаға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе қаласындағы Прохоров көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің пәтері өртенген кезде алдымен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Мұңалбек Ілиясов көмекке барды. Ол демалыста болып, отбасымен далаға шыққанда түтінді бірден көзі шалған. Ойланбастан көпқабатты үйге кіріп, барлық есікті қағып, далаға шығуын сұраған. Ал от шығып, қызыл жалынға оранған пәтер есігі ашық тұрғанымен ешкім шақырмады, көмек сұрамады. Пәтерден 8 жастағы бала қашып шығып, зейнеркер қалып қойған.
«Осындай сәтте құтқарушының жаныңда болған қандай бақыт. Жанып жатқан пәтердің түтіні менің кіреберіс бөлмемді тез шарпып кетті. Ас бөлмеде қызым бір нәрсеге бөгеліп қалды, ал мен көзді ашытқыш түтіннен қалай сақтану керек екенін білмедім. Менің көзім көрмейтін, оның үстіне аяғым ауырады. Сол сәтте есіктен мына жігіт, Мұңалбек кірді. Ол ойланбастан, ауыр салмағыма қарамастан мені арқасына салып, баспалдақпен төмен қарай түсіп, аулаға алып шықты. Мені орындыққа отырғызып, қайта кіреберіске қарай жүгіріп кетті. Ол нағыз батыр, алтын жүрек», - деді қала тұрғыны 66 жастағы қария Алтын Ілиясова.
Айта кетейік, өрт кезінде барлығы 30 адам эвакуацияланды. Олардың бесеуі бала.
«Мұңалбек Құлымбай тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп үлгеруді ойлады. Бір өзі бар күшін салып, үйге қайта кіріп, бәріне ескерту бергеннен кейін оған көмекке өзге өрт сөндірушілер келді. Екі көлік пен 12 адам лезде өртті сөндірді. Сонымен қатар үй газдан, электр тогынан ажыратылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.