23 шіл, 2018 сағат 21:31

Ақтөбелік КВН-шіге жасалған шабуылдың видеосы пайда болды

Ақтөбелік КВН-шіге жасалған шабуылдың видеосы пайда болды, - деп Тengrinews.kz. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Еске салайық, оқиға 21 шілдеде түнгі уақытта Ақтаудағы мекемелердің бірінде болған. Данияр Әлімбаевтың аяғына біреулер пышақ салған. Дәрігерлер оны құтқара алмады. Жәбірленуші аураханада қайтыс болды. Данияр Әлімбаев отбасын Ақтауға көшіріп алмақ болған. Ол 23 шілдеде Ақтөбеде жерленді. Экс-КВН-шімен қоштасу рәсіміне жүзге жуық адам келді.

Кейін күдіктілер ұсталды. Олар 21, 22 және 23 жастағы жас жігіттер болып шықты. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған.