Бүгін таңертең Ақтөбеде екі күнге созылған жаңбырдың арты қарға ұласты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Облыс орталығында екі тәулік бойы жаңбыр жауып тұрды, бүгін таңертең жаңбырдың арты қарға ұласты.
«Қазгидромет» РМК Ақтөбе филиалының мәліметі бойынша, өңірде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанған болатын. Көктем мезгілі үшін бұл қалыпты жағдай.
Күннің жылылығына байланысты, қар түс ауа еріп кетеді деп күтіледі.