Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, 4 Қырғызстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға бүгін сағат 01:30-да Самара-Шымкент тасжолының 1170 шақырымында, яғни, Ырғыз ауылы маңында болды.
«Лада-21070» автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Арал қаласынан Ырғыз ауданына қарай бара жатқан. Ауа-райы қолайсыздығын ескермеген жүргізуші жолдың тайғақ учаскесінде қарсы бағытқа шығып кетіп, «Шевролет-Круз» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-21070» автокөлігінің 29 жасар жүргізушісі 3 жолаушымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Бәрі Қырғызстан азаматы. Қазір бір жолаушы Ырғыз ауданының орталық ауруханасында жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.