07 жел, 2022 сағат 11:15

Ақтөбедегі жер үйде газ жарылып, 2 адам ауруханаға түсті


Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарши ауылында жер үйде газ құрылғысы жарылып, екі адам ауруханаға түсті.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнде сағат 2:37-де Шұбарши ауылындағы 8-наурыз көшесінде оқыс оқиға болған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқиға орнына жеткен кезде газ қазандығы жарылғаны белгілі болды. Бірақ өрт шықпаған. Жылыту қазандығы істен шыққан болуы мүмкін. Содан газ жиналып, әп сәтте жарылып, 84 шаршы метр болатын қабырға мен шатыры құлады. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қалыпты»,-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау ескертіледі. Қандай да бір оқыс оқиға болса дереу «101» «112» нөмірлеріне хабар бару керек.