Ақтөбеде екі студент сабақ үстінде сөзге келіп қалып, кейін бірі екіншісіне пышақ сұғып алған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Үзіліс кезінде болған жағдай. Екі студент сабақ үстінде бір-бірімен сөзге келіп қалған. Сол кезде бір студент екінші студентке пышақ салып алған. Осы мәселе бойынша қазір тергеу жүріп жатыр. Екеуі де құқықтану мамандығын меңгеріп жүр еді. Біреуі Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы, екіншісі Ақтөбенің Темір ауданының тумасы. Екеуінің де тәртібі жақсы, құқық қорғау органдарында тіркеуде болмады. Сабақ үлгерімі, қатысуы жақсы. Пышақ жарақатын алған студент күртесін киіп, үйіне кетіп қалған. Бір студент кураторына хабар берді. Жараланған студент үйіне барып, ағасына хабарласқан. Ағасы ауруханаға жеткізген», - деді колледж директоры Гүлжан Еспаева.
Айта кетейік, Ақтөбе қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 24-3, 99-бабының 2-бөлігімен «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 2 курс студенті ұсталды. Қылмыс құралы ретінде пышақ тәркіленді.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесі болғанын хабарлаған болатынбыз.