Кәугер Ақтөбе облысында 52 адамның өмірін жалмаған автобустағы өрттің қалай шыққанын айтып берді, деп мәлімдейді Ren.tv арнасы.
Оның айтуынша, жолаушылар дәнекерлейтін шаммен жылынып отырған. Кенет көлік ішінде біреулер өзара ерегісіп қалған.
"Автобустағылар дәнекерлейтін шаммен жылынып бара жатқан. Бір кезде жолаушылар өзара шекісіп, бірі екіншісіне жанармай толы құтыны лақтырып жіберген. Содан жанармай дәнекерлейтін шамға тиіп, өрт лап ете түскен. Сөйтіп, салон ішіндегілер қашып үлгере алмаған",– дейді куәгер.
Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды.