08 ақп, 2017 сағат 08:27

Ақтөбедегі мұнай ұрлау ісі бойынша тағы 20 адам ұсталды

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының басшысы делінген Еркін Ізбасар мен осы атышулы іс бойынша ұсталған 14 адамның қамауда ұстау мерзімі 2017 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Илиада Досова хабарлады. Оның айтуынша, мұнай ұрлау ісі бойынша тағы 20 адам ұсталды, олардың ішінде Беларусь азаматы да бар.

"А.Сәрсенов, Маңғыстау облысының тумасы; Н.С.Ноғаев, 1979 жылғы, Ақтөбеде тұрады; "Транзитойл групп" ЖШС жұмыс істейді; Піржанов, жұмыссыз; Қалиев, Орал қаласының тумасы, жұмыссыз; С.М.Ильясов, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, жұмыссыз; С.Б.Жүсіпов, Ақтөбеде тұрады, "Нұрторғай ЖЛТ" директоры; Е.У.Еркетаев, 1984 жылғығ Ақтөбеде тұрады, "ИП Еркетаев" жеке кәсіпкер; Н.С.Қасенов, Ақтөбеде тұрады, жұмыссыз; Б.К.Батыров, 1969 жылғы, Ақтөбе облысының тумасы, Ақтөбеде тұрады, жұмыссыз; Кунцевич, 1973 жылғы, Беларусь Республикасы Минск облысының тумасы, Алматыда тұрады,  "Интер Ойл Экспорт" ЖШС директорының орынбасары; Р.В.Миралин, 1991 жылғы, Ақтөбе облысының тумасы, жұмыссыз; Н.Н.Қайырбаев, Ақтөбеде тұрады, жұмыссыз, В.В.Астахов, 1986 жылғы, Ақтөбе облысының тумасы, жұмыссыз; А.С.Сарамбетов, 1979 жылғы, Ақтөбе облысының тумасы, Орынбор облысында тұрады, жұмыссыз", - деді баспасөз хатшысы Илиада Досов.

Еске салайық, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кеше мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілді.