Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықта жүкті келіншек көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтөбе қаласында 31 жастағы келіншек толғақ қысып, перзентханаға түсті. Ана жатырында сәбидің жүрегі тоқтап қалған.
«Келіншек жүктіліктің 31 аптасында перзентханаға келді. Бір күннен соң бауыры мен бүйрегі сыр беріп, баланың жүрегі жатырда тоқтап қалды. Сараптама тағайындалды. Алдын ала белгілі болғаны - әйелдің бауыры түгел бүлінген. Гистологиялық сараптамадан соң өлімнің нақты себебі белгілі болады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.