10 сәу, 2022 сағат 14:25

Ақтөбеде жүкті әйел автобустан құлап түсті


Ақтөбеде жүктіліктің жетінші айындағы әйел автобустан түсіп үлгере алмай, көлік қозғалғанда қолындағы пакеттерімен жерге құлап түсті. 29 жастағы келіншектің арқасы жараланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға 1 сәуірде кешке "Макаренко" аялдамасында болды. Жүкті әйел № 24 автобустан түскелі жатқанда, автобус қозғалып, әйел сөмкелерімен бірге балшыққа құлап, арқасын жаралаған. Келіншектің сөзінше, жүргізуші мен кондуктор оған көмектеспей кетіп қалған. 

"№24 автобустың жүргізушісі жол бойы жылдам жүрді, – дейді Айдана. - Ақыры менің аялдамадан түскенімді күтпестен, орнынан қозғалып кетті, ал мен жерге, балшыққа құлап түстім. Кондуктор да, жүргізуші де менің жүкті екенімді және қолымда сөмке барын көре тұрып көмектеспеді. Мен бұған дейін күйеуіме қоңырау шалып, базардан шыққанымды және мені қарсы алу керегін ескерткен едім. Орнымнан өзім тұрдым, ал күйеуім бірнеше минуттан соң жүгіріп келді. Арқам әлі күнге дейін ауырады. Сол күні көп адам оқиғаға куә болды. Мен жүргізуші жұмыстан шығып қалғанын қаламаймын, оны нанынан айырғым келмейді. Бірақ оны жазасыз қалдырса, оқиға қайталануы мүмкін".

Автопарк өкілдері оқиғаға түсінік берді.

"Жолаушы оның кім екенін анықтау үшін және біз шара қабылдауымыз үшін полицияға арыз жазды. Біз жүргізуші туралы барлық мәліметті полицияға бердік. Тексеруден, процестік әрекеттерден кейін кінә анықталса, жүргізушіге қатысты шаралар қабылданады. Басқа деректер бізде әлі жоқ", - деп жауап берді "Автопарк" ЖШС өкілі Руслан Жылқаманов.