«Самара–Шымкент» тасжолында қалып қойған автобус жолаушысының жүрегі тоқтап қалған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«5 қараша күні сағат 06:40-та автобус ішінен Тәжікстан азаматының денесі табылды. Ол Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автобуста болған. Денесі Хромтау аудандық ауруханасына жеткізіліп, сараптама жүргізілді. Нәтижесінде жолаушының жүректің ишемиялық ауруынан жан тапсырғаны белгілі болды. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі мен үсік шалу жоқ», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Автобус Ырғыз ауданы маңында жолдың ашылуын күткен.
Айта кетейік, кеше Самара-Шымкент тасжолында жүздеген көлік тұрып қалды. ТЖД құтқару жұмыстарын жүргізіп, кешке жақын жеңіл көліктің жүруіне рұқсат берді.