28 там, 2023 сағат 15:02

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты

Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 26 тамыз сағат 14:00-де MAN-TGX жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 24 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы Самара-Шымкент автожолының Қызылорда облысының шекарасына жақын жерінде, жолдың қарсы қозғалысқа арналған жағына шығып, Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматының басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан Lada жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, оның кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақаттармен Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды" - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, MAN-TGX жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.