28 нау, 2019 сағат 09:42

Ақтөбеде жеңіл көлік тепловозбен соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

Ақтөбеде жеңіл көлік тепловозбен соқтығысты. Көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«28 наурыз күні  сағат 06:00-де «Ақтөбе - Орынбор» тасжолындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Нива Шевроле» автокөлігі тепловозбен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында көлік жүргізушісі көз жұмды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір осы оқиғаға қатысты соталды тергеу басталып, сараптама тағайындалды.