04 мау, 2022 сағат 10:08

Ақтөбеде танысын пышақтаған деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталды


Ақтөбеде танысын пышақтаған деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 мамырда бірнеше жерден пышақталған ақтөбелік азамат жедел жәрдеммен қалалық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне түскен.

Жедел тексеру жұмыстарының нәтижесінде белгілі болғандай, 29 жастағы ер адам танысымен жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласқан. Танысы жәбірленушіні ұрып-соғып, пышақ жарқатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігімен іс қозғалды.

"30 мамырда Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ұстады. Оның бірнеше рет сотталғаны, деструктивті діни ағымның жақтаушысы екендігі анықталды.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері күдіктіге ұрлық үшін мемлекетаралық іздеу жариялағаны анықталды.

Ұсталған азамат алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін" - делінген портал ұсынған ақпаратта.