Фото: ашық дереккөз
Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Бұған дейін белгілі болғандай, 19 желтоқсан сағат 22:05-те полицияға Ғазиза Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды" - дейді Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы Ерболат Сарқұлов.