Ақтөбелік полицей автотұрақта жанып жатқан көлікке мініп, жалын басқа көліктерге өтіп кетпеуі үшін оны қауіпсіз жерге шығарған. Қызметкердің жетонына түсіп қалған видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті мәліметіше, патрульдер 10 маусымда орталық стадион маңындағы көлік тұрағында өрт шыққанын байқаған.
"Ford жол талғамайтын көлігі өртенді, қатарында Renault тұрды. Патруль Сабыржан Қуандық планшет арқылы көліктің иесін тапты. Үй иесінен көліктің кілтін алған қызметкер жанып жатқан көлікке отырып (алдыңғы дөңгелегі мен қапталы өртенді), оны қауіпсіз жерге апарды", - деді облыстық ПД өкілдері.
Кейін оқиға орнына келген өртсөндірушілер өртті сөндірген.