© diapazon.kz
Ақтөбеде бірнеше аудандағы су тасқыны салдарынан оқушы қыз суға батып кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға бейсенбіде Батыс-2 шағынауданындағы "Арбат" тұрғын үй кешені маңында болған. Оқушы тротуармен жүріп келе жатып, кейін еріген су шетімен жүргісі келіп, құлап кеткен. Ол су астына басымен батып кеткен, одан ары ағын алып кеткен. Көмекке бірнеше ер адам жүгіріп келген. Олар баланы судан әрең шығарған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Баланы құтқару әрекеті көрінетін кадрлар тарады.