09 там, 2023 сағат 10:54

Ақтөбеде мүгедектігі бар тұрғын ХҚКО-ға тізерлеп көтерілуге мәжбүр болғанын айтты

Фото: © diapazon.kz

Ақтөбеде мүгедектігі бар ер адам Тургенев көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығындағы лифт жұмыс істемей, соның кесірінен баспалдақпен тізерлеп көтерілуге ​​мәжбүр болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

"Төртінші рет осында тізерлеп шығып бара жатырмын. Бірінші рет - бір жыл бұрын жеке куәлігімді ауыстырғанда, екіншісі - карта ауыстырғанда. Содан кейін анықтама алуға тура келді. Олар үнемі сылтау айтады: лифт жұмыс істемейді. Себеп, сылтау табылады. Арбаны көтеруге мейірімді адамдар көмектеседі. Мен олардың не ойлайтынын білмеймін. Үндеу жасауды жөн көрдім, мүмкін оларға газет арқылы жеткізсем, әсер ететін шығар. Мен жалғыз емеспін. Көбі осылай келіп, қайтады", - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Вячеслав.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы лифт жақын күндері жұмыс істейді деп уәде берді.

"Лифт 2018 жылы орнатылды, қызмет ету мерзімі - бес жыл. Ақаулар болды, лифт бұзылып тұрды. Шынжырын ауыстырдық. Лифтке күрделі жөндеу қажет. Қазір оны жүргізіп жатырмыз. Алдағы күндері жұмыс істей бастайды", - деді филиалдың PR менеджері Асылгүл Айдарова.