видеодан алынған кадр
Ақтөбеде кәмелетке толмаған мопедист қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Rikatv.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, мопедті 16 жастағы жүргізуші басқарған. Ол Қонаев көшесінен Шернияз көшесіне қарай солға бұрылмақ болып, қарсы келе жатқан көлікке жол бермеген. Соқтығыс салдарынан жасөспірім он метр жерге ұшып кеткен.
Оқиға сәті бейнетіркегішке түсіп қалған.
Аурухана мәліметінше, қазір жасөспірім комада жатыр.
"Бас-ми жарақаты, ми жарақаты, самай сүйегі сынған. Баланың жағдайы ауыр", - деп түсіндірді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов.
Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу жалғасып жатқанын айтты. Жасөспірімнің жүргізуші куәлігі болмаған, мопедті туыстары сыйлаған.