© Photo: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде өрт шықты. Жүздеген бала қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметіне сәйкес, бүгін таңғы сағат 08:01-де "112" құтқару қызметіне №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілген.
Құтқарушылар жеткен кезде 1-қабатта орналасқан кабинет өртеніп жатқан.
"Олардың жедел әрекетінің арқасында мектеп-лицейден 890 оқушы мен 60 ересек адам эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ" - делінген хабарламада.
Тілсіз жау сағат 08:12-де толықтай ауыздықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.