Ақтөбе қаласындағы №56 мектеп жанында «қара жамылған» қыздар қар үстінде намаз оқыды. Бұл туралы блогер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Елімнің болашағы үшін алаңдаймын! Мынау не енді? Осындай көзбояушылық кімге керек? Мектептің алдында намаз оқып, кімге не дəлелдемекші? Елімізді Сирияға айналдырмақшы ма? Неге тыныш жүрмейді? Қай ата-бабаң қара жамылған?Министр Ермекбаев мырза еліміздің батыс жағын шұғыл қолға алу керек! Мыналар жақсылыққа алып бармайды! Депутаттар мыналарға қарсы заң қайда?
Ақтөбе қаласы, 56 мектептің жанында түсірілген сурет", - деп жазады Айгүл Орынбек.