06 ақп, 2020 сағат 14:51

Ақтөбеде медициналық бетперде бағасы көтерілмейді

Ақтөбеде медициналық бетперде бағасы өспейді. Бүгін үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облысында облыс әкімдігі, Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының аталған қауымдастыққа кірмейтін субьектілері және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің арасында медициналық бетперденің бағасын ұстап тұру мәселесі бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды.

«Құжат тараптарды бөлшек сауда желісіндегі бір дана бетперде бағасын 30 теңгеден, көтерме қоймалардағы бағаны 15 теңгеден өсірмеуді міндеттейді. Ақтөбе облысындағы дәріханалар мен көтерме қоймаларында 166 000 медициналық бетперде бар. Тағы 136 000 данасына тапсырыс берілді», - деді облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәбит Ескендіров.