11 там, 2022 сағат 17:55

Ақтөбеде мас әйел бес айлық баласын көшеде қалдырып кеткен


Ақтөбеде мас әйел жылап жатқан баласын орындыққа тастап кеткен. Оқиға 11 тамызға қараған түні болған, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, түнгі сағат бір шамасында әйел кезекші бөлімге бес айлық баланы әкелген. Ол бала 8 март көшесіндегі орындықта жылап жатқанын айтқан.

"Мен оның анасын мас күйде көрдім. Ол белгісіз бағытқа кетіп қалды, ал бала орындықта қалды", - деді әйел.

Ювенал полиция инспекторлары жедел жәрдем шақырған. Олар баланың денсаулығын тексерген, осылайша, баланы "Үміт" сәбилер үйіне апарған.

Шамамен бір сағаттан кейін полицияға 25 жастағы әйел телефон шалып, баласы жоғалып кеткенін айтқан. Полицейлер оны тауып алып, ағзадағы ішімдік деңгейіне сараптама жүргізіп, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алған. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ.

Әйелдің тәртібі қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады. Ол сәбилер үйінен баласын комиссия шешімі бойынша ғана ала алады.