Ақтөбеде автоматты жүйенің іске қосылып кетуі салдарынан көлік мекемелердің бірінің кіреберісіне кіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 6 желтоқсанда түнде Әбілқайыр хан даңғылында Lada Priora көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады.
"Автокөлік автоматты түрде іске қосылғаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Автокөліктің жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.