Фото: pixabay.com
Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутердің соқтығысуы салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
28 маусым Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылының бойында Нұр-Ғасыр мешітіне қарама-қарсы жерде Ваз 21103 автокөлігі мен кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы скутер соқтығысқан.
"Салдарынан скутердің жүргізушісі 17 жастағы жасөспірім Ақтөбе қаласының Балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Скутердің жолаушысы 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" - делінген хабарламада.