04 ақп, 2020 сағат 16:04

Ақтөбеде көктайғақ салдарынан автобус аударылып қалды

Самара-Шымкент тас жолында көктайғақ салдарынан автобус аударылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«4 ақпанда сағат 14:00 шамасында Хромтау қаласынан 5 шақырым жерде «Неоплан» маркалы автобус жолдың тайғақ учаскесінде аударылып қалды. Автобус күзет қызметкерлерін тасымалдаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуға және жылдамдық пен қозғалыс аралығын сақтауды ескертеді.