Фото: "Астана" телеарнасы
Ақтөбеде қаңтар оқиғасына қатысқандарға қатысты үкім шығарылды. Іс бойынша айыпталушы тарапта - 18 адам. Оларға жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты, қару ұрлады және билік өкілдеріне күш қолданды деген айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Сегіз адам шартты мерзімге сотталған, екі айыпталушы ақталып, сот залында қамаудан босатылды. Қалғандары нақты мерзімге – 9 айдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Ең ауыр жаза – 15 жыл - Нұрсұлтан Исаевта. Оның 2022 жылы митинг кезінде көлікпен полицейлерді қағып өткені дәлелденді. Құқық қорғау органының екі қызметкері жарақат алған.
Ал шенеуніктер мен полицейлердің шығынды өндіруге қатысты азаматтық шағымдарына келсек, олар қараусыз қалдырылған.
Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарында адамдар облыс әкімдігінің ғимаратында тәртіпсіздіктер ұйымдастырған болатын. Бірінші, екінші және үшінші қабаттар зақымданған. Терезелері сынған, кеңселерде ноутбуктер жоқ, кейбір кеңсе жабдықтары сынған. Құзырлы органдарға келтірілген шығын 300 миллион теңгеге бағаланды.