Оңдасын Оразалин. Фото: gov.kz
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қаңғыбас иттерге қатысты бірқатар оқиғаларға тоқталды. Аймақ басшысы жазатайым оқиғаларға өзін кінәлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әкім жануарларды қорғау туралы заң күшіне енгелі жұмыстың жаңа қағидаттарына бейімделіп үлгермегенін атап өтті.
"Бұл - біздің кемшілігіміз. Өткен жылы 17,5 мың қаңғыбас иттерді жойып, бұл мәселені белгілі бір дәрежеде тұрақтандырған болатынбыз. Соңғы қабылданған Заңға байланысты (жануарларды қорғау туралы заңның) бұл жұмыс тоқтатылды.
Бұл мәселеде өз кінәмді жоққа шығармаймын. Біз осы заң бойынша жұмыстың жаңа қағидаттарына - аулау, зарарсыздандыру және чиптеуге көшкен жоқпыз", - деді әкім.